Меню KDT

Новости

Қош келдің, әз Наурыз!

Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз көже пісіріп, наурыз жырын айтып, наурыз тойын өткізеді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін құрылған Кеңес өкіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып, 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Тек елімізде демократиялық ағым бел ала бастаған 1988 жылдан бүкілхалықтық мейрам ретінде атап өтілетін болды. Абай атамыз «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың сонау «хибаги», «хүзағи» деп аталған заманға дейін апарып: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың Ұлы күні» дейді екен», - деп жазады. Ақын Наурыз тойын дінге жанастырмай, көктем мерекесі екенін ашық жазады да, «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөздің өз заманында алғашқы мәнін өзгертіп, Құрбан айтқа байланысты айтыла бастағанын ескертеді. Ерте заманнан осындай талқыға салынған бұл мерекені біз жыл сайын мектебімізде тойлатып өтеміз. Биыл наурыз айының 21 жұлдызында мектеп мұғалімдері мен оқушылар мерекелік концерт ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шараның басталуы «Көктем» биімен табиғаттың оянуын, көк шөптің шығуын, айналамыздың ерекше күйге бөленіп, құлпыруын 1-4 сынып қыздары билеп көрсетті. Табиғаттың оянған сәтінен кейін ортаға «Ай мен Күн» диалогін оқуға 7 «А» сынып оқушысы Сапарова Әсемгүл мен 6 сынып оқушысы Шайдолла Аяжан күн мен түннің теңелуін сахналады. Әр той өз тойбастарымен бастау алады. Мұғалімдерің хорынан (Оспанова З.Г., Кункаева Г.С., Абулгазинова Э.Е., Каиржанова Г.С., Шакирова А.Т., Калиева С.А.) құрылған Ақылбек Жеменейдің «Тойбастар» әнін орындады. Қазақтың дәстүрі бойынша шашу шашылып, той қызығына еңкейген қариядан бастап, кішкентай бүлдіршіндер қатысты. Мерекелік концертте қазақтың ұлттық «Қара жорға» биін 6 сынып оқушылары Сайлаубаев Олжабай мен Хинаятов Дидар, «Қамажай» биін 4 сынып оқушылары Қадырбай Кәмшат пен Маулбаева Гульмира орындады.  Наурыз тақырыбына сай келген ән шашу мен заманауи билер жалғасын тапты. Мерекелік концерт облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасының қатысуышысы 11 сынып оқушысы Пузырева Анжеланың орындалуындағы «Қазақ елі осындай» әнімен аяқталады.








Просмотров: 591

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Кусакаева Ботагоз Барлыбаевна

Опрос

Статистика

  • Осы айда24
  • Осы аптада9
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки